Адольф Арцишевский | өмірбаяны

0

Адольф Арцишевский  1938 жылы 7 қаңтарда Ресейдің Кемер облысындағы Прокопьевск қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және КСРО Жазушылар одағы жанындағы жоғары әдебиет курсын бітіргеннен кейін «Красноярский рабочий» газетінің тілшісі, Краснояр өлкесі аудандық газеттерінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан салалық журналдарында, радиода, «Жазушы» баспасында және «Простор» журналында қызмет жасады, Алматы қаласындағы жасөспірімдер театрында, М.Лермонтов атындағы Академиялық орыс драматеатрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясында «Тоғысқан тағдырлар» атты телехикаяның Бас редакторы, «Новая эра» журналының Бас редакторы болып қызмет еткен. Қазір «Central Asia Monitor» газетінде қызмет жасайды.

І.Есенберлин, Қ.Ысқақов, Ә.Тарази, Б.Мұқай, Д.Исабеков, Ш.Құсайынов шығармаларын орыс тіліне аударған.

Шығармалары: Ищу наследство. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1975; Земля, на которой живем. Документальные рассказы. А., «Қазақстан», 1976; «Нескучные уроки». Рассказы, А., «Жалын», 1980; Письма на Берёсте. Роман. А., «Жазушы», 1984; Как в саду при долине. Роман, повести, рассказы. А., «Жалын», 1984; День среди лета. Роман, повести, рассказы. А., «Жазушы» 1993; Простые истины. Стихи. «Идан», 2003; Жить без тебя не могу. Стихи. «Идан», 2005; Полк особого назначения. Рассказы, повести. «Жибек жолы», 2005; Этюды о врачевателях и фармацевтах. Эссе. «Идан», 2006; Нужна ли тетиве стрела?. Документальные рассказы, эссе. «Идан», 2007; Предчувствие Любви. Избранное. «Intelli book», 2007; Неизбежность. Стихи, повести. «Идан», 2008.