Әділбек Тауасаров | өмірбаяны
Әділбек Тауасаров (1947–1999) 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Ақ Арал ауылында дүниеге келген.
1970 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Оқуды бітірісімен Республикалық телевидениеде жұмысқа тұрған. Редакторлықтан бас редакторға дейінгі аралықта жауапты жұмыс атқарған. ҚР Мәдениет министрлігінде репертуарлық бөлімнің бас редакторы болған.
«Аса құрметті ИКС», «Сен болмасаң, кім?», «Арманшыл қыз», «Махаббат аралы» секілді драмалық шығармалары облыстық, республикалық театрларда ұзақ жылдар бойы қойылып келеді.
2003 жылы прозалық, драмалық шығармалар жинағы жарық көрді.
2008 жылы «Аққу әні», 2009 жылы «Махаббат аралы» атты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді.