Әділ Балтабай | өмірбаяны
Әділ Балтабай (1949–2009) 1 мамырда Қарақалпақ АССРі, Мойнақ ауданы, «Әли ауыл» поселкесінде туған.
1973 жылы Хожелі педагогика училищесін бітіріп, көп жылдар мұғалім болып қызмет етті. Кейін Қазақ мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірді. Мамандығы – филолог.
1993 жылы ата жұртқа көшіп келіп, республикалық «Ұлан» газетінде әдебиет және өнер бөлімін басқарған. «Мөлдір бұлақ» балалар журналында қызмет еткен. Балаларға арналған «Атамның жұлдызы» (1981), «Алданыш» (1984) және «Інімнің өкпесі» (1996), «Тырналар келе жатыр» (1994) (соңғы екеуі қарақалпақ тілінде) кітаптары жарық көрген. Бұдан басқа «Күздің бірінші күні» (2003), «Әулиелер мен ғұламалар елі» (2004), «33 мысал» (2007), «Қызғылықты қылықтар» (2007) атты кітаптары шықты. Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған жабық бәйгенің үш дүркін жүлдегері. Қазақстан Журналистер одағы С.Ерубаев атындағы сыйлығының лауреаты.
Қайнар қөз: http://www.writers.kz