Әдіһам Шілтерханов | өмірбаяны

0

Әдіһам Шілтерханов 1925 жылы 27 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Ордабасы ауданының «Төрткүл» ауылында туған. 

1961 жылы Алматы Ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын 1943 жылы Төрткүлдегі орта мектепте мұғалімдіктен бастаған. 

1943–1944 жылдары даңқты Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның құрамында Ұлы Отан соғысына қатынасып, елге ауыр жараланып оралды. 

1945–1969 жылдар арасында Бәйдібек ауданында мұғалім, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Красная-Нива ұжымшарында партия комитетінің хатшысы, одан кейін сол ұжымшардың төрағасы қызметтерін атқарды. 

1969–1985 жылдары Отырар ауданындағы «Арыс» ұжымшарының директоры, аудандық тұрмыстық қажетті өтеу комбинатының директоры болып жемісті еңбек етті.

1985 жылы зейнеткерлікке шықты. 1988 жылы «Жалын» баспасынан «Үш бәйтерек», 1993 жылы «Ақжалдың ақыры», 1995 жылы «Атамұра» баспасынан «Аталы сөздер», 1995 жылы «Рауан» баспасынан «Саттар Ерубаев» атты кітаптары жарық көрді. 2000 жылы «Ордабасы» баспасынан шығармаларының 2 томдығы басылып шықты.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен, І дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз