Home Қазақша өмірбаян Әбжаппар Жылқышиев | өмірбаяны

Әбжаппар Жылқышиев | өмірбаяны

0
221

Әбжаппар Жылқышиев (1918–1995) – 15 қарашада Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған. 1955 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін, 1961 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Жамбыл облысы, Луговой аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Ильичев аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Георгиевка аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қызылқұм аумақтықөндірістік басқармасының партком секретары, Алғабас аудандық атқару комитетінің төрағасы, Шымкент облыстық атқару комитетінің баға жөніндегі бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1976 жылдан Шымкент облыстық партия комитетінің жанындағы партия комиссиясының төрағасы болған.

Ұлы Отан соғысының І дәрежелі орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Ақ толқын. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Мешін жылы. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1977; Өмір жыры. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1979; Балжан тағдыры. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1984.