Әбжанов Төлеуғазы | өмірбаяны

0

Әбжанов Төлеуғазы Ысқақұлы (1935 жылы туылған, Ресей, Кемерево қаласы) – философия ғылымның докторы (1993), профессор (1994). Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1957). Қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1963–1996), ал 1997 жылдан осы университетте кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1992 жылы «Философия тарихындағы пайым мен зерденің диалектикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әбжанов 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Қайнар көз: Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7