Абылайхан Құлбаев | өмірбаяны

0

Абылайхан Құлбаев — 1951жылы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Мариевка елдімекенінде туған. 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, Петропавл қаласындағы педагогикалық училищеде сабақ беріп жүрген жерінен әскер қатарына шақырылады. Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарады.

1976 жылы «Пионер» журналында көркемдеуші редактор болып, онжылға жуық әйгілі ақын, қоғам қайраткері Фарида Оңғарсынованың қарамағында жемісті қызмет істеді. Сол жылдар ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Одан кейін қазақша және орысша екі тілде, жеке-жеке жарық көретін «Арай», «Заря» журналдарының жауапты хатшысы болды. 1986 жылы «Өнер» баспасына директордың орынбасарлығына тағайындалады. Осы жылдары Жоғары Кеңестің құрмет грамотасымен марапатталады. 

1991 жылдан бастап «Шарапат», одан кейін «Абылайхан—Дос К» деген серіктестік құрып, жеке кітап шығару ісімен айналысады. 1995 жылы нарықтык экономика кезінде іскер ұйымдастырушылық қабілетімен көріне бастаған белсенді басшы ретінде «Балауса» баспасына директорлыққа шақырылады. Тәуелсіздіктің алғашқы экономикалық қиыншылық жылдарында да «Балауса» баспасы балаларға керекті кітаптарды шығарып келді. «Мәдени мұра» бағдарламасына сай, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің тікелей балаларға деген қамқорлығымен әлем балалар әдебиетінің 50 томдық тандамалы шығармаларын қазақ тілінде жарық көрсетуге басшылық жасап отыр. Алғашқы жылғы нәтижелі жұмыстары жоғары бағаланып «Қазақстан республикасының баспа және полиграфия ісінің қайраткері» атағына ие болды.