Әбсаттар Дербісәлиев | өмірбаяны
Әбсаттар Дербісәлиев 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында туған. Шымкент пединститутының филология факультетін бітірген (1969).
1970–1975 жж. КСРО Ғылым академиясы Мәскеу шығыстану институтында біліккер, аспирант.
1975–1976 жж. Марокко, 1985–1986 жж. Тунис университетінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өткен.
1976–1977 жж. ҚР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, 1977 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі, 1986–1988 жж. КСРО ҒА Мәскеу Шығыстану институтының докторанты, 1989 жылы Шығыстану факультетінің деканы, 1991–1997 жж. Тілдер және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, 1997–2000 жж. Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚР елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарды. 1сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі.
2000 жылы Қазақстан мұсылмандарының ІІІ Құрылтайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2000 жылдың тамызында Босния мен Герцоговинаның астанасы Сараевода өткен Еуразия Ислам Шурасының ІV халықаралық конференциясында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
1977 жылы «Араб тілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі – профессор Ю.Н.Завадовский) кандидаттық, 1988 жылы «VІІІ–XX ғасырлардағы араб тілді Марокко сөз өнерінің эволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
1989 жылдан профессор, 1995 жылдан ҚР Жоғары мектеп ҒАның академигі. «Сауыт еккен қайыңдар» атты алғашқы новелласы 1967 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланды. «Сенім» атты әңгімесі Қазақстан жас жазушылар әңгімелерінің жинағында (Жылы жел, «Жалын», А., 1977) жарық көрді. Бірқатар араб елдері жазушыларының әңгіме, новеллаларын араб тілінен қазақ тіліне аударды. Әдеби сынға да белсене араласты.
70–80жж. қазақ әдебиетінің түрлі проблемаларына арналған кейбір әдеби сын мақалалары «Уақыт және қаламгер» секілді жинақтарға енгізілді. Жазушының 300ден астам ғылыми еңбектері жарық көрді. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді.
М.Х.Дулати құлпытасының қолжазбасы бойынша ғұламаның «Жиһаннаме» атты поэмасын шағатай тілінен тәржімалап, баспаға дайындады.
Шығармалары: Шыңырау бұлақтар. Зерттеулер мен мақалалар. А., «Жазушы», 1981; Араб әдебиеті. Классикалық дәуір. А., «Мектеп», 1982; Арабоязычная литература. Марокко. А., «Ғылым», 1983; Литература Марокко. М., «Наука», 1993 (авторластары С.В.Прожогина, О.А.Власова); Қазақ даласының жұлдыздары. Тарихифилологиялық зерттеу. А., «Рауан», 1995; Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірбаяндықбиблиографиялық анықтамалық. А., 1999.