Әбілфайыз Ыдырысұлы | өмірбаяны
Әбілфайыз Ыдырысұлы 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Бүйректал елді мекенінде туған.
1953 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика факультетін бітірген.
1953–1965 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ республикалық радиокомитетінде жауапты қызметтер атқарған.
1965 жылдан бастап қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдар бойы ұстаздық етті. Профессор.
«Әуезовке – іңкәрлік» (1997), «Біртуарлар болмысы» (2000) эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы (2000), «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақстан Журналистер одағының К.Қазы-баев атындағы сыйлығының лауреаты.