Әбілдаева Гүлзакира | өмірбаяны

0

Әбілдаева Гүлзакира (1956–2004) — 29 наурызда Ордабасы ауданы Қ.Мұңайтпасов атындағы ұжымшардың «Коммунизм» бөлімшесінде дүниеге келген. 

1982 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Пионер» журналында, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Білім және еңбек» («Зерде») журналында, 1984–1990 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйі мен Әдебиет қорында, 1990–1991 ж.ж. «Ақ желкен» журналында, 1991 жылдан Қаақ телерадио корпорациясының Қазақ радиосы «Шет ел жаңалықтары» бөлімінде жұмыс істеді. «Таңғы дауыс» жыр жинағының авторы.