Әбен Дәуренбеков | өмірбаяны

0

Әбен Дәуренбеков 1939 жылы Шығыс Түркістан (ҚХР) өлкесінің Жарсу деген жерінде дүниеге келген. 1967 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Талдықорған облыстық «Жерұйық» (бұрынғы «Октябрь туы») газетінде тілші, мектептерде мұғалім болып қызмет істеген.

«Таң», «Мөлдір тамшы», «Тамшыбұлақ», «Балконнан ұшқан көгершін», «Мамыр айы» атты жыр жинақтарының авторы. Алматы облысы, Панфилов ауданының Құрметті азаматы.