Абдулхай Рузыев | өмірбаяны

0

Абдулхай Рузыев (1923–1984) 10 қазанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетмен ауылында туған. 1933 жылы әке-шешесімен бірге Шығыс Түркістанға өткен (ҚХР). Құлжа қаласындағы ұлттық гимназияны бітірген. Содан кейін бастауыш мектепте мұғалім, қалалық халық ағарту бөлімінде бөлім меңгерушісі, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Жазушылар одағында поэзия секциясының меңгерушісі, Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Жазушылар одағында поэзия секциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1962 жылы Кеңестер Одағына қайта оралған. Көп жылдар республикалық ұйғыр музыка театрында қызмет етті. 

Соңғы жылдары «Мектеп» баспасында корректор, «Жазушы» баспасында аға редактор болып істеген.

Алғашқы өлеңдері газет-журналда басылып, «Іле әуендері» атты тұңғыш жинағы 1950 жылы жарық көрді. Аудармамен де шұғылданған. Ол ұйғыр тіліне Б.Майлин әңгімелерін аударды.

Шығармалары: Дала әуені. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Көктем шашуы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Талтүс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Арайлы таң. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сарқырама сарыны. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980, 1984 (орысша); Көктем шашулары. Таңдамалы өлеңдер. А., «Жазушы», 1983.