Әбдуәлиев Тұрсын | өмірбаяны

0

Әбдуәлиев Тұрсын 1939 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысындағы Көксу ауданының Мұсабек ауылында туған. 

1968 жылы Свердловскідегі педагогика институтын, 1984 жылы Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 

1963–1976 жж. журналистика саласында, партия қызметінде болған. 

1976–1982 жж. облыстық телерадиокомитеті төрағасы, 1985 жылдың қаңтарынан облыстық «Жерұйық» газетінің Бас редакторы қызметін атқарған. Қазақстан Журналистер одағының облыстық басқармасына жетекшілік етіп келеді, облыстық мәслихаттың депутаты. 

«Ауыл азаматы», «Алтын бағандар», «Өмір оты өшпейді» атты прозалық кітаптардың авторы. Алматы облысының Құрметті азаматы.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз