Әбдірашит Ахметов | өмірбаяны

0

Әбдірашит Ахметов (1912–1984) — 5 мамырда Ақмола губерниясының Атбасар уезіндегі №3 ауылында туған.

Жетіжылдық мектепті бітірген соң, бір қыс ауылдық мектепте оқытушы болып істейді де, Мәскеудегі Түсті металлургия институты жанындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі. 

1932–1950 жж. партиясовет органдарында жауапты қызметтерде болған. 

1950 жылдан баспасөз жұмысына бірыңғай ауысқан. «Ара»–«Шмель» журналдары, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында жауапты хатшы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жауапты ұйымдастырушысы, «Қазақстан» баспасында, республикалық «Білім» қоғамында аға редактор, КСРО Әдебиет қоры қазақ бөлімінің директоры болған.

Ол, негізінде, көркем аударма саласында еңбек етті: А.П.Чеховтың «Жылқы аттас фамилия» әңгімесін, «Аю» мен «Юбилей» пьесаларын, Оноре де Бальзактың «Горио атай» романын, Г.Санкеевичтің «Нан үшін» повесін, А.Гайдардың «Барабаншы бала тағдыры» повесін, ШоломАлейхемнің «Сергелдең болған сарбаздар», А.Паумшитялистің «Көршілер», А.Степановтың «ПортАртур» (ІІ кітабы), «Звонаревтер әулеті» (І, ІІ кітаптар) романдарын, араб ертегілері – «Бағдат сайқалын», көптеген пьесалар мен кинофильмдерді қазақшаға аударды.