Әбдіраш Жәмішев | өмірбаяны

0

Әбіраш Жәмішев — 1928 жылы 5 желтоқсанда Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Бесөзек ауылында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Соңғы курста жүргенде республикалық «Соцалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында қызметке орналасқан. Содан бастап, өмірінің ақырына дейін «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Егемен Қазқстан», «Заман-Қазақстан», «Түркістан» секілді республикалық газет-журналдарда әдеби-қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған. 1965 жылдан бері оның оннан астам жыр кітабы оқырман қауымның қолына тиді. Әдеби сынға атсалысты, көркем аудармамен де шүғылданған. Оның аударуында Хафиздің, Физулидің ғазалдары «Улы ақындар кітапханасы» сериясы арқылы қазақ оқушыларына жетті. Сондай-ақ ол А.С.Пушкиннің, А.Исааяканың, Айбектің, М.Исаковскийдің бірталай өлеңдерін, А.Вознесенскийдің «Лонжюмо», С.Шипачевтың, армян жазушысы Г.Эминнің «Армения туралы жеті жыр» кітабынан «Жазбалар жырын», тәжік ақыны М.Қаноатовтың «Вахш толқындары» деген атпен өлеңдері мен поэмалар жинағын, Қ.А.Йасауи хикметтерін аударған.