Әбдірахим Жаймурзин | өмірбаяны
Жаймурзин Әбдірахим 1916 жылы 14 тамызда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында (Темір уезінің Жембайсары болыстығы, Ақтөбе губерниясы) дүниеге келген.
1933 жылы Конжар колхозшы жастар мектебін бітіріп, сол колхозда есепші болып қызмет атқарады. Осыдан кейін Қазақтың педагогика институтының жанындағы дайындық бөлімін бітіріп, аталмыш институттың физикаматематика факультетіне түсіп, оны 1938 жылы үздік дипломмен аяқтайды. Жолдамамен Жоғарғы Коммунистік ауылшаруашылық мектебінде математика пәнінен сабақ береді.
1941 жылдың қаңтар айынан бастап Комсомолдық басшы жұмысқа ауыстырылады да, Алматы қалалық комсомол ұйымының, одан кейін Алматы облыстық комсомол ұйымының бірінші хатшысы болып сайланады.
1943 жылдың шілде айында Қазақстан БКП Орталық Комитетінің жолдамасымен Жоғарғы партия мектебіне оқуға жіберіліп, оны 1945 жылы аяқтайды да, СОКП Орталық Комитетінде жауапты қызметке қалдырылады.
1947 жылдан Гурьев облыстық партия комитетінде хатшы болды.
1951 жылы Қазақстанның Коммунистік Партиясы Орталық комитеті оны Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы етіп тағайындайды.
1953 жылы СОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясына оқуға түсіп, 1957 жылы философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болады.
1960 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы жанындағы философия кафедрасының меңгерушісі, ал 1972 жылдан 1977 жылға дейін сол кафедраның доценті болып қызмет атқарады.
1977 жылдан Одақтық дәрежедегі зейнеткер. Негізінен философия тарихымен, қазақ халқының саясиәлеуметтік ойпікірімен шұғылданды. 17 баспа табақтан артық ғылыми еңбектері жарық көрген.
Қазақстан Компартиясының VVІсъездерінде оның Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланады.
ССРО наградаларымен марапатталған.