Түлкіні алдаған қаз — Ертегілер — Bilim
Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп:
Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп сұрайды.Қаз сәл ойланып тұрып:
Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да, көзімді жұмып «Құдай бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, — дейді.
— Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп дейін, — дейді түлкі.
Ол қазды тістеп, алдыңғы екі аяғын қусырып, көзін жұмып:
— Е, құдай! – дей бергенде, қаз қанатын қағып-қағып ұша жөнеледі. Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: