Қазақша ертегі: Қу түлкі – Ертегілер – Bilim

0
133

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

         — Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді.

         Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

         — Мүмкін емес, – дейді.

         — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі.

         — Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс.

         Түлкі Жолбарыстың алдына түсіп, аяқтарын паңдана басып жүріп отырады. Жолбарысты көрген аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырақай қашады, үңгір мен індеріне тығылады, құстар ұяларын тастай, аспанға ұшады. Сонда қу Түлкі тұмсығын онан сайын көтере түсіп:

         — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма екен?–дейді.

         — Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, – деп Жолбарыс жайына кетіпті.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: