Мезгілдер жайлы ертегі (Mezgilder jaıly ertegi) — Ертегілер — Bilim
Күн мен Ай қатты ренжісіп бір – бірімен мәңгілікке айырылысады. Көп ұзамай олардың өз балалары дүниеге келеді. Айдың балаларын санап бітіру мүмкін емес болды. Ай өзінің жарқыраған балаларына жұлдыздар деп ат қойды. Күнді көргісі келмей балаларын ертіп ғарыш әлемінде тұра бастады. Ал Күннің бар болғаны төрт баласы болды. Күн балаларының біріншісіне Көктем, екіншісіне Жаз, үшіншісіне Күз және төртіншісіне Қыс деген есімдерді қояды. Жастайынан Көктем анасын қатты жақсы көріп, Күннің құшағында өсті. Мінезі жайдары, қамқор әрі сұлу болды. Анасының жанында өскен Көктем жылы болып өсті. Екінші қызы Жаз Күннен бір елі ажырамайтын , Күнге деген махаббаты шексіз болатын. Мінезі жанға жағымды , мейрімді де көрікті болды. Күннің құшағында өскен Жаз анасы секілді ыстық болып өсті. Үшінші қызы Күз жастайынан Күннен жырақта өсті. Мінезі әрдайым көңілсіз болдатын. Сондықтан ол суық болды. Төртінші қызы Қыс та жылуды ұнатпады. Ешкіммен тіл табыса алмайтын аппақ Қыс сондай ызғарлы да суық болып өсті. Көп ұзамай Күннің төрт қызында жаңа қасиеттер пайда бола бастады. Анасы төрт қызын ертіп Жер бетінде тұруды жөн көрді. Алайда мезгілдердің арасында араздастық көп болды. Көктемнің гүлдерін Күз солдырып тастаса , Көктем Қыстың аппақ қарларын ерітіп тастады. Көптеген түсініспеушіліктер көбейіп кетті. Мұның шешімін Күн тауып 1 жылға әр қызына 3 айдан бөліп береді. Ал өзі ғарыш әлемінде тұра бастайды. Осылайша жыл мезгілдері 3 ай сайын ауысып , жерге сағынышпен оралатын болыпты.
Латын әліпбиінде
Mezgilder jaıly ertegi
Ku’n men Aı qatty renjisip bir – birimen ma’n’gilikke aıyrylysady. Ko’p uzamaı olardyn’ o’z balalary du’nıege keledi. Aıdyn’ balalaryn sanap bitiry’ mu’mkin emes boldy. Aı o’zinin’ jarqyrag’an balalaryna juldyzdar dep at qoıdy. Ku’ndi ko’rgisi kelmeı balalaryn ertip g’arysh a’leminde tura bastady. Al Ku’nnin’ bar bolg’any to’rt balasy boldy. Ku’n balalarynyn’ birinshisine Ko’ktem, ekinshisine Jaz, u’shinshisine Ku’z ja’ne to’rtinshisine Qys degen esimderdi qoıady. Jastaıynan Ko’ktem anasyn qatty jaqsy ko’rip, Ku’nnin’ qushag’ynda o’sti. Minezi jaıdary, qamqor a’ri suly’ boldy. Anasynyn’ janynda o’sken Ko’ktem jyly bolyp o’sti. Ekinshi qyzy Jaz Ku’nnen bir eli ajyramaıtyn , Ku’nge degen mahabbaty sheksiz bolatyn. Minezi jang’a jag’ymdy , meırimdi de ko’rikti boldy. Ku’nnin’ qushag’ynda o’sken Jaz anasy sekildi ystyq bolyp o’sti. U’shinshi qyzy Ku’z jastaıynan Ku’nnen jyraqta o’sti. Minezi a’rdaıym ko’n’ilsiz boldatyn. Sondyqtan ol sy’yq boldy. To’rtinshi qyzy Qys ta jyly’dy unatpady. Eshkimmen til tabysa almaıtyn appaq Qys sondaı yzg’arly da sy’yq bolyp o’sti. Ko’p uzamaı Ku’nnin’ to’rt qyzynda jan’a qasıetter paıda bola bastady. Anasy to’rt qyzyn ertip Jer betinde tury’dy jo’n ko’rdi. Alaıda mezgilderdin’ arasynda arazdastyq ko’p boldy. Ko’ktemnin’ gu’lderin Ku’z soldyryp tastasa , Ko’ktem Qystyn’ appaq qarlaryn eritip tastady. Ko’ptegen tu’sinispey’shilikter ko’beıip ketti. Munin’ sheshimin Ku’n tay’yp 1 jylg’a a’r qyzyna 3 aıdan bo’lip beredi. Al o’zi g’arysh a’leminde tura bastaıdy. Osylaısha jyl mezgilderi 3 aı saıyn ay’ysyp , jerge sag’ynyshpen oralatyn bolypty.
Автор:Гүлсая Каналқұл
Avtor: Gu’lsaıa Kanalqul
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: