Атайдың қулығы — Оқушыларға пайдалы ақпараттар — Bilim

0

Мектептен  қайтып  бара жатқан  кіп-кішкентай  қыз,  пәтер  баспалдақтарынан  әрең  көтеріліп бара жатқан  қарт  атайды  көріп қалады . Қолындағы ауыр  жүкті  көзі   шалып ,  егде тартқан  атайдың  жанына келіп

-Ата  қолыңыздағы  жүктің  жартысын  маған  беріңіз, —  деп  күлімдейді. 

Ақ  сақалды , нұр  жүзді  атай  қыздың  әдептілігіне  қайран  қалады.  Үйіне жеткенше  кішкентай  қыздан 

-Арманың  не қызым? – деп  сұрайды.

Қыз  ары  ойланып ,  бері ойланып   атайдың  құлағына   ұзақ  сыбырлайды. 

-Менің  арманым  өте  көп. Тіпті  оларға жетуге  күмәнданамын-дейді  мұңайып.                                                       

 Атай  сүйкімді қыздың  бұл  сөзіне  қайран  қалады.  Қызға  сенім  жетіспейтінін түсінеді.

-Шынында да арманың  ерекше  екен  кішкентай қыз. Неге  күмәнмен қарайсың ? Дүниеде барлығы  да  мүмкін-деп  күледі  мейрімді қарт . Әне-міне  дегенше  пәтер  баспалдақтарынан  көтеріліп , атайдың  үйіне де жетеді.  Атай кішкентай  әдепті  қызға  алғысын білдіріп, өз үйіне  алып кіреді. Қарт атайдың үйі  ескі  кітапханадан аумайтын. Қыз үй ішіндегі   көне заттарға  қызыға қарайды.  Мейрімді қарт  қыздың  қолына  жылтыр   тасты ұстатады.  Қыз  ол затқа  тесіле қарап мәнісін түсіне алмайды.

-Бұл  сиқырлы  тас.  Мұны  көзіңнің  қарашығындай сақтайтын бол.   Бұл  зат  сенің  арманыңды  орындайды  дейді.

Осылайша  кішкентай қыз  атаймен  қоштасады. Қыз бұл   сөзге  сеніммен қарап  арманына деген  ерекше көзқарас пайда болады. Талай жылдар  өтеді.  Баяғы  әдепті  кішкентай қыз  өсіп  талай  арман шыңын бағындырады.  Арманына  жеткен  сәрі   тағы  ерекше армандары пайда бола бастайды. Бір  күні  қыз  атай берген  асыл тасты жоғалтып  алады.  Ары іздеп, бері іздеп еш жерден таппай дал болады.  Ақыры  алда жоспарлаған  армандарына күмән пайда бола бастайды.  Баяғы  мейрімді қарт  атайдың  үйіне барудан  басқа  амал  таппайды.  Атайдың  үйінің  жанына керіп  бір-екі рет қағып көреді.  Есікті  бәсеңдеу  баяғы қарт ашады.  Қызды көріп  жүзіне қуаныш  ұялайды.

-Сәлеметсіңбе қызым!

-Сәлеметсізбе! Мені  таныған  боларсыз. Мен  сізден сиқырлы тасты алған болатынмын. Ол шынында да  сиқырлы екен. Менің  талай арманым орындалды. Рахмет сізге!-дейді

Алайда  қыз  әлденеге  жабырқаулы көрінеді.   Атай қыздың неліктен  мұңайып тұрғанын түсінгендей болады.   Қыз  атайға  тіке қарап

-Атай ! Сіз берген  асыл тасты жоғалтып алдым. Маған  тағы да асыл  тас бере аласыз ба?  Менің  арманым әлі көп. Оған  жету үшін сіздің  сиқырлы   тасыңыз  қажет -дейді.

Атай  қайран  қалған кейіп танытып,

-Қателесесің. Мен  саған  сиқырлы тас бергенім жоқ, мен саған сенім  бердім дейді.  Сол  сенімнің арқасында өз күшіңмен  талай  асуды бағындыра білдің . Есіңде  сақта  арманға  жету үшін ең бірінші талап пенен  еңбек және  сенім қажет болады дейді  Атай.

Қыз  атайдың  бұл сөзіне  риза болып, үлкен алғыс айтады. 

Әр  адамның  арманы  әр қилы.   Оған  жету үшін  болашаққа  деген сенім қажет.

Автор: Каналқұл Гүлсая


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: