«Қорқау қасқырдай талап жатыр»: Қоғам қайраткері БЖЗҚ-дағы халық ақшасын шашпауға шақырды

0
1130
Сурет: facebook.com/aliya.sadyrbayeva
Advertisement

Қазақстандық бизнесвумен Әлия Садырбаева БЖЗҚ-дағы халық ақшасының оңды-солды шашылып жатқанын айтып дабыл қақты. Сондай-ақ, бүкіл әлемде халықтың зейнетақы қорына салған ақшасының көбейіп отыратынын, ал Қазақстанда бейберекет қолды болып кете беретінін бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Қазақстан зейнетақы жүйесі құрылғалы оған байланысты дау толастар емес, үнемі құрылым жүйесі жаңартылып отыруда. 2015 жылы жекеменшік зейнетақы қорлары БЖЗҚ болып біріккелі «белгісіз жолмен» 90 млрд теңге жоғалды. Бірақ бұл бергі жағы ғана! 2017 жылы БЖЗҚ-дан алынған 15 млрд теңге ЭКСПО-ға жұмсалды. 2016 жылы 3 млрд теңге «шарықтау шегіне жеткен» Қазинвестбанкпен бірге құрыды. 71 млрд теңге (2014 жылғы есеп бойынша 250 млн доллар) Әзербайжан халықаралық банкінде қалды. «Qazaqбанк» 10 млрд теңгені қайтармады. «Дельта банк» 9 млрд теңгеден астам сома қарыз. «Астана Банкінің» 7,5 млрд теңге қарызы бар. «Эксимбанк» – 15,5 млрд теңге қарыз! Достар, бұл әлі БЖЗҚ-ның жабық банктерге салған депозит ақшасы ғана. 2020 жылы екінші деңгейлі банктердің БЖЗҚ-ға 1 трлн 184,6 млрд теңге қарыз екені белгілі болды», – деді Әлия Садырбаева.

Әрі қарай ол бұл есепке басқа банктерге салынған 1,5 трлн теңгенің кірмегенін жазды.

«Осы ақшаны кейін банктер бізге жылына 20, 30 және 50%-бен несие етіп береді!! «Қазагроның» өзі БЖЗҚ-ға 648 млрд теңге қарыз!! Осы қарызды үкімет басты спонсоры БЖЗҚ, яғни біз арқылы жаппақ. Олар біз тұрғын үй мәселесін шешу үшін зейнетақы қорынан алған ақшамыздың 10%-ын салық ретінде ұстап қалмақ. Ал біздің «халық» депутаттары әдеттегідей осы «керемет идеяны» қолдайды! Осы зейнетақы қорындағы ақшаға байланысты жүгенсіздіктің бәрі National Geographic каналындағы фильмдердегі көріністі еске түсіреді: қорқау қасқырлар мен жыртқыш құстардың өлген пілдің сүйегін талап жатқанын», – деп қорытты ол.

Сөз соңында кейбір тәуелсіз сарапшылардың осылай жалғаса беретін болса, 5 жылдан кейін зейнетақы қорында ақша қалмауы мүмкін екенін айтқанын бөлісті.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз