Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған адам қайтыс болды (фото)
Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған ер адам қаза болды. Оқиға Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде болған.
Бұл туралы nur.kz сайты хабарлап отыр.
Ринат Авазбакиев есімді оқиға куәгері хабарласып болған жайтты баяндаған. Оның айтуынша, қаза болған ер адамның жасы 60-65 шамасында. Сонымен бірге ол шағымын да жеткізді.
Алматы облысының ІІД 1957 жылы туған Іле ауданының тұрғыны қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта құзырлы органдар ер адамның өліміне қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Толық ақпарат кейінірек беріледі.
Осы орайда Алматы облыстық ІІД аудандық полиция бөлімшесі жаңа заңнаманы түсіндіру жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерімен кездесіп, уақытша тіркеуге қатысты ХҚКО-тарында келеңсіз жағдайлар туындамағанын айтқан.
Естеріңізге сала кетсек, уақытша тіркеуді елімізде 7 қаңтардан бастап енгізді. Ал тіркелмеген азаматтарға 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап айыппұл салына бастайды.
Бас тақырыптағы nur.kz сайтынан алынды