«Түн ішінде тіркеуді тексеруге келді» деген журналистің өтірігі шығып қалды
Сол-ақ екен, әлеуметтік желідегі қауым шулап кеткен. Полицейлерді жерден алып, жерге салған. Достоевскийдің дедукция әдісін оқыған адам мұнда бір шикілік барын аңғаруы керек еді.
Аталған жайтқа байланысты Астананың Ішкі істер департаменті түсініктеме беріпті.
13 қаңтар түнгі сағат 01:21 және 2:00 аралығында Астанадағы Ішкі істер департаментінің қоңырау қабылдау орталығына (102) Сандуғаш Сұлтанның көршісі бірнеше рет хабарласып, шағым түсіреді. Журналист түн ортасына дейін жұртқа ұйқы бермеген. Үйден айғай-шу шыққан.
Түн ортасында тұрғындардың мазасын алған Сұлтанның үйіне полиция патрулі келеді.
«Погон таққандардың іс-әрекеті видеотіркеу құрылғысына жазылған. Таспаны тексеріп шығып, полиция қызметкерлерінің Сандуғаш Сұлтанға тіркеу туралы сұрақ қоймағанын анықтадық. Оның үстіне тіркеу туралы заңбұзушылықтарды анықтау патрульдердің құзіретіне кірмейді» делінген хабарламада.