Сағынтаев Қасымовты сөкті

0
207

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алды.

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысынан Tengrinews.kz хабарлады.

«Тағы бір мәселе — азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің мемлекеттік органдар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр», — деді Сағынтаев.

«Бізде заңға қашан қол қойылды?», — деп сұрады Үкімет басшысы Қасымовтан.

«28-желтоқсанда», — деп жауап берді министр. Сағынтаев заңға 22-желтоқсанда қол қойылғанын айтып, оның сөзін түзеді.

«Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз Халыққа қызмет көрсету орталығындағыларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22-желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір орталыққа келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті 1 жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚКО-ларға бара бастады», — деді Үкімет басшысы.