Отан!

0
219

Отан!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға – сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз – Нағыз сорлы панасыз? Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан – мекенің!

 

Мұқағали Мақатаев