Исекешев түнгі клубтардың жұмысына шектеу қоймақ

0
192

Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда.  Бұл туралы  сәрсенбі күні өткен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

– Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз, – деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып. – Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары – бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты – Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет – айыппұл, екінші рет – айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет – қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет, – деп қорытындылады Астана әкімі.

 

Дереккөзі: inform.kz