Астана соты Бишімбаевты 2 айға қамауға санкция шығарды

0
225

Астана қалалық соты Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаевтың екі айға қамау туралы санкция шығарғанын хабарлады.

Бишімбаевтың пара алды деген күдікпен ұсталғаны жөнінде 10 қаңтарда белгілі болған. Ол Астана ішкі істер департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалған болатын. Бұдан кейін Коррупцияға қарсы қызмет бұрынғы министрдің «бірнеше рет ірі көлемде пара алу фактісі» бойынша ұсталғанын хабарлаған.

2016 жылдың желтоқсан айында оның қызметінен алынуы «Байтерек» ұлттық холдингті басқарып тұрғандағы істерімен байланысты болған. 2016 жылдың қараша айында «Байтерек» холдингінің құрамына кіретін «Байтерек DEVELOPMENT» компаниясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Тергеушілер «Байтерек DEVELOPMENT» компаниясының топ-менеджерлеріне «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс компанияларынан 288 миллион теңге пара алған деген айып тағылған.

Бұл іс бойынша қамауға алынғандардың ішінде «Байтерек DEVELOPMENT» компаниясы басқарма басшысының орынбасары Аслан Жақыпов бар. Ол бұрынғы Батыс-Қазақстан облысы әкімінің және бұрынғы парламент мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы.