АРМАН-АЙ!

0

Армана-ай,әкеттің-ау тым алысқа,

Әкеттің-ау!

Қайғы ма,қуаныш па?!

Әншейін әуре болып журмін бе әлде,

Әзірге көңіл жықпас жұбанышқа?!

 

Арман-ай!

Орындалар болармысың,

Колыма қалай етсең қонар құсың?

Әлде сен әр қиялдан із соқтырған

Олжасыз,опығы мол сонармысың?

 

Өзіңсің мәңгі серік қасыма алған,

Қайда бастап барасың, ғашық арман?

Пау,неткен жеткізбейтін жүйрік едің,

Солығың,сірә басылар ма?!

 

Ақ арман,аялдама,алысқа атта,

Серт еттім сеніменен табыспаққа.

Қайда апарсаң,сонда апар,жықпа жарға,

Үзбеген үмітімді алыстатпа!

 

Мұқағали Мақатаев