«Алатау алабы» этно-фестивальінен қалмаңыздар

0

28-ші бүкіл әлемдік универсиада қарсаңында «Алатау» дәстүрлі өнері театры аумағында «Алатау алабында» атты этно-фестивальі өтуде.

30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында күн ұзаққа жұмыс істейтін Этнофестивальда алматылықтар мен қала қонақтары дәстүрлі музыка кештерін тамашалап, ұлттық ас мәзірінен дәм татады. Қолөнер жәрмеңкесін аралайды.

Фестиваль барысында қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, шығармашылық шеберлік дәрістері, этно-фольклорлық жанрдағы өнер шеберлерінің концерттері және дәстүрлі музыка кештері ұйымдастырылады.

Универсиада аясында ұйымдастырылып жатқан кештің шымылдығы — «Інжу-маржан» атты Арқа өңірінің дәстүрлі музыкалық кешімен ашылды.