«Жыныстық мүшесіне сөз жазып беруімді сұрады»: Даяна Саферова екі мыңға жуық адамға тату салған

0
802

24 жастағы Даяна Саферова үш жылдан бері татуировка салуды кәсіпке айналдырған. Шебер үшін әр суреттің мәні мен мағынасы, ал оны салдыруға келген адамның өз қалауы мен себебі бар.

Бұл туралы kznews.kz сайты хабарлайды caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Даяна Құдайға сенетіндер де тату жасататыны айтты.

«Мен үшін татуировка жай ғана сурет емес, ол – басқа адамның денесіне салынған менің қолтаңбам іспеттес».

Жұрт тату-мастерлердің башпайынан бақайына дейін татуировка болуы керек деп ойлайды. Көріп тұрғаныңыздай, денемде міне, кішігірім ғана сурет бар, оның өзі білінбейді. Тіпті студиямызға келген кейбір адамдар мені шебер емес, әкімшілік қызметкер деп ойлайды.

Алғаш рет татуировканың не екеніне 2007 жылы көңіл бөлдім. Ол кезде MTV арнасында «Маямские чернила» бағдарламасы жүріп жатқан, соны көргеннен кейін адам денесіне сурет салуға қызықтым. Сөйтіп, сыныптастарымның денесіне қаламмен, фломастермен сурет сала бастадым.

Содан міне, татуировканы тұрақты кәсіп етіп жүргеніме үш жылдан асты. Осы уақыт ішінде екі мыңға жуық адамға тату салыптым. Мен үшін татуировка – жай ғана сурет емес, ол – басқа адамның денесіне салынған менің қолтаңбам іспеттес. Тату-мастерге керекті ең маңызды қабілет – сурет сала білу. Яғни, жарықтың қалай түсетінін білуің керек, әйтпесе болмайды. Сабырлы болу да маңызды. Өйткені шебер адам денсаулығына жауапты, ал клиенттердің мінездері, шыдамдылығы әртүрлі болады. Біреулері сеанс кезінде тыныш отырады, күледі, әңгіме айтады, ал басқалары жылайды, шыңғырады, тыпыршып жатады. Тіпті, есінен танып қалғандар да болды. Осы үш жыл ішінде қателеспесем, жеті адам есінен танып қалды, оның бесеуі жігіттер еді. Мұндай жағдайда маған сасқалақтауға болмайды, клиент талып қалса, басынын астына жастық салып, есін жинауға спирт иіскетемін, су беремін.

Татуировка салдыртқан дене мүлдем ауырмайды деуге болмайды. Қабырғасына, шынтағына, тізесіне, тізесінің артқы жағына немесе омыртқасына сурет салдыруға келгендерге қатты ауыратынын бірден ескертемін. Ал қалған жерлерге шыдауға болады. Негізі, бәрі адамның сезімталдығына байланысты. Сосын сеанстың алдында тамақ ішті ме, не ішіп, не жегені маңызды. Мүмкін, ағзадағы қант мөлшері, не қан қысымы төмендеп кеткен шығар. Сондықтан клиенттеріме маған келместен бұрын ұйқыларын қандыруын, жақсылап тамақтануын және екі сағат ішінде кофе, ішімдік пен энергетик ішпеуін сұраймын.

«Кейде татуировка салудан бас тартамын»

Клиентті үйіне қайтарған кездер де болды. Мәселен, құрбым табанына табанның суретін салғысы келіп еді, мен көнбедім. Жыныстық мүшесіне сөз жазып беруімді сұраған клиенттен де бас тарттым. Басқа шебер тап дедім.

Кейбір адамдардың денсаулық жағдайы татуировка салдыруға мүмкіндік бермейді. Сол себепті, псориаздың асқынуымен, 1-ші типті қант диабеті, эпилепсиямен ауыратын, емшектегі баласы бар адамдарды қабылдамаймын. Кей кезде медициналық құжаттарын сұратамын. Себебі, мен олардың денсаулығына жауаптымын.

Осыдан біраз уақыт бұрын қабылдауыма бір қыз келген болатын. Ол жарты жыл бұрын маммопластика жасатқанын және содан қалған тыртықтарды суретпен жапқысы келетінін айтты. Негізі мұндай жағдайда татуировканы тек бір жыл өткеннен кейін ғана салуға рұқсат. Сондықтан қызды дәрігерге жіберіп, оған тату жасатуға болатыны жайлы құжат алып келуін сұрадым.

«Әр татуировканың оқиғасы бар…»

Жігіттер көбіне қасқыр, жолбарыс, арыстанның суретін салдырады.  Қыздар гүлдерді, құстарды, балықтарды, мүйізтұмсықтарды ұнатады. Әр гүлдің өз мағынасы бар, кейбір қыздар оған мән бере бермейді, «әдемі болса болды» дейді. Ал кейбіреулері ұзақ ойланады, мағынасын зерттейді. Әжелерінің құрметіне денесіне лалагүлдерін, пион салдырған клиенттерім болды.

Татуировка салу кезінде инфекция жұқтыруға бола ма?

Біз бір реттік инелермен қолданамыз, жұмыс орнын және аспаптарды бірнеше мәрте тазалаймыз. Сондықтан сеанс кезінде инфекция жұқтыру мүмкін емес десем болады. Өзіміз жарты жылда бір рет тексеруден өтіп тұрамыз. Себебі сеанс кезінде клиенттің  қан мен сарысу сияқты биоматериалдары қалай болғанда да саған тиіп кетуі мүмкін.

Адамдар арасында тату-студиялар лас жерде орналасады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Сондықтан кей кезде донор болуға рұқсат бермейтін. Адамдардың ойы өзгеріп жатқанына қуаныштымын. Айта кетейін, менің өзім қан донорымын. Егер салынған татуировкалар денеңіздің 30 пайызынан аз болса, донор болуға болады.

Тату салдырып, артынан лазермен өшіріп жататындар бар. Қызыл және көгілдір түс денеден ауыр өшірілетінін ескерткім келеді.

Татуировка орны бір ай жазылады. Бұл уақыт ішінде қоғамдық моншаға, бассейнге баруға болмайды, спортпен шұғылдануға болмайды.