«Ұялмай баруым мүмкін»: Ерке Есмахан тағы кіммен кездескелі жүр

0

Жақында ғана сүйіктісімен ажырасып кеткен Ерке Есмахан алдағы уақытта ешкіммен кездеспейтінін айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап.

Әнші махаббат тақырыбына қатысты ойымен өзінің stories бөлімінде бөлісті.

«Енді жігіттермен кездеспеймін десем, қателік шығар, иә? Түнгі ой ғана. Ертең ойымды өзгертемін. Болмаса, қиын болады, — деп мойындады ол.

Махаббаттан көңілі қалған жазылушылар Еркеге хат жаза бастады. Олар жігіттермен енді ешқашан дос болмауға кеңес берді. Ерке өзінің бір сәттік осал тұсына мән бермеуге шақырды.

«Сіз менің артымнан ермеңіз. Маған сенбеңіз. Ертең мен біреумен кездесуге ұялмай баруым мүмкін», — деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін Ерке Есмахан «Ninety One» тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен кездескен. Ол әншіден бірнеше жас кіші болды. Алайда жас айырмашылығы олардың арақатынасына кедергі болмаған.