Алматы облысында әйел 10 жастағы ұлын пышақтап тастады
Алматы облысының Өтеген батыр кентінде 37 жастағы әйел туған баласына 16 жерден пышақ сұққан, деп хабарлайды kznews.kz сайты Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Он жастағы бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Онда да көмекті әйелдің өзі емес, қан жоса болып жатқан немересін көрген ұлдың атасы шақырған. Баланы ауруханаға жатқызған фельдшер оның анасы да жарақат алған көрінеді. 37 жастағы әйел туған ұлының арқасын, мойнын, қолын, кеудесін жарақаттаған.
«Алматы облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 3 қарашасында сағат 15:00 шамасында Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі балалар ауруханасына бірнеше пышақ жарақатымен 10 жасар баланың жеткізілгенін хабарлайды. Тексеру барысында сол күні баланың 37 жастағы анасы ас үй бөлмесінде балаға көптеген пышақ жарақаттарын салғаны анықталды. Күдікті ұсталды, қазір полиция бөлімінде. Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдау және оны психологиялық диспансерге орналастыру туралы мәселе шешілуде. Заттай дәлелдемелер мен қылмыс құралы-пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабына сәйкес «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайлары анықталатын болады»,- деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі баланың қазіргі жағдайы ауыр екенін мәлім етті. Балаға шұғыл түрде ота жасалған.
«Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 2010 жылы туылған мойын мен дененің көптеген пышақ жарақаттары бар бала түсті. Түскен кезде баланың жағдайы ауыр, алған жарақатына байланысты тұрақсыз болады. Шұғыл түрде бала операциялық блокқа көтерілді. Алдын-ала диагноз қойылды: артқы, мойын, сол жақтағы қолдың бірнеше рет кесілген жаралары. 1,2 дәрежелі травматикалық және геморрагиялық шок алған. Бүгінгі күні бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр», — деді баспасөз қызметі жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.
Тергеу мәліметінше, баланың анасы үш күн бойы өзін біртүрлі ұстап, «тик-ток кейіпкерлері оны өлтірмекші» екенін айтып, үйдегілерден тығылған. Ал, ұлы болса сол қатысушылардың бірі болып көрінген. Қанды оқиға орын алған сәтте үйде әйелдің 7 жастағы қызы да болған.