17 жігіт зорлағанына сенімдісіз бе: Министр Сарыағаштағы қыз зорлау оқиғасына пікір білдірді

0

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушыны зорлау ісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kznews ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Сіз оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, ол тәулік бойы үйде болмаған. Жедел іс-шаралар барысында табылып, анасына қайтарылды. Сол күні шағымдар мен өтініштер болған жоқ. Бір күннен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы арызданудан бас тартып, нотариалдық сенімхат берді», — деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.

Оның айтуынша, кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған аталмыш оқиғаға қатысты тағы бір өтініш тіркелген.

«Бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адам зорлады деген мәлімет пайда болды. Ол өтініш тіркелді. Біз тексеруге міндеттіміз. Жәбірленушіге бірқатар медициналық сараптама жүргізіледі. Осы тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады», — деді министр.

Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны жас қызын 17 ер адамның зорлағанын айтып шағым түсірген болатын.