Назарбаев 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты

0

Оливер Стоунның «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмінің екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың желтоқсан айында орын алған Жаңаөзен оқиғасы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Мереке кезінде алаңда жүрген адамдарға шабуыл жасау, бұл — Аблязовтың ісі. Біз оны зерттей келе, бәрі түсінікті болды. Бұл жолы олар ақша берген. Тіпті мұнайшылардың робын киіп, арақ ішіп, молотов коктейльдерін дайындаған. Тәуелсіздік күні. Эстрада алаңында концерт өтіп жатты, адамдар тұрды. Олар осы сахнаның тас-талқанын шығарды. Бұл мұнымен тоқтамады. Олар әрі қарай полиция офистерін талқандауға кірісті. Қару-жарақтың қайда орналасқанын іздеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы қалаға неліктен ұшып келгенін түсіндірді.

«Түнде отырдым да, тікұшақпен ұшып кеттім. Таңертең бүкіл бүлікке куә болдым. Дүкендер де, пошта да өртенген, полиция кеңселері қираған. Тұрғындарды залға жинауды сұрадым», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Фильмде Назарбаевтың Жаңаөзендегі кездесуде сөйлеген сөзінің мұрағаттық бейнежазбалары көрсетілді.

«Неліктен біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтеміз дегенде, бүкіл әлем біздің ұлтты тани бастағанда, Жаңаөзендегі оқиға орын алды? Бұл күні жазықсыз адамдар қайтыс болды. Мен көңіл айтуға келдім», — деді Назарбаев мұрағаттағы бейнежазбада.

Содан кейін ол әр іс тергеліп, әр іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлығы ашық сот отырысында жазаланады деп уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтан «QAZAQ: Алтын адам тарихы» фильмі үшін сұхбат алған болатын. Фильмнің режиссері-украиналық және америкалық киноиндустрияның қайраткері Игорь Лопатенок, фильмнің музыкасын «Алтын глобустың» иегері композитор Карло Силиотто, ал музыкасын «Астана Опера» симфониялық оркестрінің әртістері орындады.

Аударған, Оралбай МЫРЗАҚҰЛОВ