Жұмысшыға аяғын сүйгізіп, әбден қорлаған ханшайым сотталып жатыр – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Сауд Арабиясы ханшайымы Хасса бинт Салман Париждегі үйін сәндеуге жалдаған мысырлық жұмысшыны жәбірлегені үшін сотталып жатыр

Жұмысшының айтуынша, ханшайым үйді рұқсатсыз суретке түсірмек болдың деп айыптап, ұрып-соғып, алдында тізерлетіп, аяғынан сүюге мәжбүрлеген.

Тергеу мәліметінше, ханшайымның оққағары – Рани Сайди бірнеше сағат бойы жұмысшыға жәбір көрсетіпті.

Айыптаушы жақ ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, озбырлық жасаған деп отыр.

Тағы оқыңыз: Түркістанда өгей ана үш қызын пышақпен тілгілеп, тістеуікпен азаптаған

Прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұрайды.

Айыпталушының өзі сотқа келген жоқ, оны сырттай соттап жатыр.

Сот Францияда өтіп жатыр. Оқиға 2016 жылдың күзінде болған.

Хасса бинт Салман ханшайым – тақ мұрагері, Мохаммед бен Салман ханзаданың әпкесі.  



sputniknews.kz

Загрузка...