Жұма намазын оқып жатқан 30 адам қаза тапты

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

Ауғанстанда мешітті зымыранмен атқылады. Жарылыстан қаза тапқандар саны отыздан асып кетті, марқұмдардың саны әлі де артуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Ауғанстанның шығысындағы Нангархан провинциясында мешітке жұма намазы кезінде әскери зымыран түсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі уақытта қаза болғандар саны 31 адамға жетті, тағы бірнеше ондаған адам жарақат алған.

Мешіттегі қанды қырғын: желіде оқиға орнында түсірілген видеолар жарияланды

Зымыранның жарылуы салдарынан мешіттің шатыры құлағаны белгілі болды.

Трагедияны осы өңірде әрекет ететін ешқандай әскери топ өз мойнына алған жоқ.  



sputniknews.kz

Загрузка...