Жойқын дауылдан апатқа ұшыраған «Викинг Скай» лайнерінде Қазақстанның екі азаматы болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Сенбі күні күйреген «Викинг Скай» круизді лайнері Молде портына келді. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Жойқын дауылдан апатқа ұшыраған

Жойқын дауылдан апатқа ұшыраған «Викинг Скай» кемесінің қозғалтқышы дауыл кезінде кенеттен істемей қалды. Алайда, экипаждың мүшелері қозғалтқышты жартылай жұмысқа келтіріп, буксир катерлерінің көмегімен кемені жағалауға жеткізді. 

Түні бойы эвакуациялық жұмыстар тоқтатылған жоқ. Кеме дауылға түскенде биіктігі үш қабатты үймен бірдей толқындар болған. Британдықтар мен америкалықтардан құралған жолаушылар круизді лайнерден тікұшақ арқылы жағалауға жеткізілді. Көбісі осындай проблемаға бұрын-сонды тап болмаған соң, таңданыстарын жасырмады. 

Кеменің бортында экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 1373 адам болған. Олардың 463-і әуе көмегімен эвакуацияланды. Экипаж мүшелерінің ішінде Қазақстанның екі азаматы бар.

Жергілікті телевидение оқиға орнынан репортаж жасады, арнайы биліктік штаб құрылды. Эфирге үкімет өкілдері мен эксперттер шықты. Құтқару қызметінің өкілдерінде бар ақпарат бойынша, «Викинг Скай» экипажының ойында кемені тастап кету болмаған. Олар штаттық қызметтегі жұмыстарын жалғастырған. 

Осы ақпаратты Норвегиядағы Қазақстанның елішілігі растады. Бұл сұрақ біздің дипмиссияда арнайы бақылауда болған. 

«Біздің екі азаматшамыз «Викинг Скай» экипажының мүшелері. Олар болған оқиғадан кейін жұмыстарын тоқтатпай қалыпты тәртіпте жұмыс істеді. Біздің көмегімізге жүгінген жоқ», — деді еліміздің Ослодағы консулы Азат Матенов. Сонымен қатар, ол дипломаттардың сол оқиғадан кейін жергілікті билік өкілдерімен кездескенін айтты.

«Викинг-Скайдың» жолаушылары мен экипажы жергілікті қонақүйге жеткізілді. Олар алғашқы көмек орталығының қызметтеріне жүгіне алады. 

stan.kz