Жоғалған оқушы қыздар Алматыдағы жалдамалы пәтерден табылды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жоғалған оқушы қыздар Алматыда жалдамалы пәтерден табылды. Олар қалаға таксимен жеткен екен

ТАЛДЫҚОРГАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында мектепке бара жатқан жерінен жоғалған екі қыз табылды, деп хабарлады аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздардың ата-анасы Ескелді ауданының полициясына 21 қаңтарда хабарласып, Алдабергенов ауылынан екі оқушы қыздың жоғалғаны туралы арызданған. Жоғалған қыздар 12 жастағы Талшын мен 14 жастағы Ару.

Жасөспірімдердің туыстарының айтуынша, таңертең қыздар мектепке кеткен, содан оралмаған. Кейін бұл екі оқушының да сол күні оқу орнында болмағаны анықталған.

Волонтерлердің көмегімен ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары ауылдағы және жақын маңдағы елді мекендердегі барлық иесіз қалған үйлерді, шатырлардың астын, жертөлелерді тексерді. Іздестіру жұмыстарына Талдықорған мен Алматы полициясы да қосылды.

«Іздестіру жұмыстары барысында біздің қызметкерлер Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жоғалған балаларды тапты. Екі қыз да аман-сау» – деп хабарлады Алматы облысы полуция департаментің баспасөз қызметі.



sputniknews.kz