Жеті жасар Дамир Сыздықов Сағынтаевқа ерекше ұсынысын айтты

0

Бала Сағынтаевтан АЭС туралы сұрап, жылу электр орталығын газға көшіруді ұсынды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 17 тамыз күні Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Жеті жасар Дамир Сыздықов та анасымен бірге кездесуге келген.

Бала Алматыдағы атом электр станциясының құрылысы қай мерзімге жоспарланып отырғанын сұрады. Сондай-ақ, ол қаладағы жылу электр орталығын газға көшіру туралы ұсыныс жасады. Оқушының сауалын естіген жұрт шапалақ соқты.  

Сағынтаев АЭС туралы сауалға жауап берген жоқ, бірақ жылу электр орталығының жағдайы жайлы айтты.

«Қала экологиясының жиырма проценті ЖЭО-ға байланысты. Бұл оңай жұмыс емес, қазандықтар жер астында жатыр. Қазір мамандар газ турбиналарын жер астына қоюға бола ма, болмай ма осыны анықтап жатыр. Ол арзан болмайды. Жаңа жылу электр орталығын салуға тура келуі де мүмкін «, —  деді әкім.

Дамирдің анасы Марина Михтаева өзінің  Facebook-тегі парақшасында АЭС туралы жаңалықты баласы телеарналардың бірінен естігенін айтады.  



sputniknews.kz