Жерлеу рәсімі кезінде қабірден дауыс шықты – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Табытты қабірге түсіргеннен кейін ардагердің жанайқайы естілген. Алдымен ағаш табытты біреу қатты қаққандай болды. Одан кейін дауыс шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ирландияның Килкенни графствосында қызық жағдай болды. Қарулы күштердің ардагері Шей Брэдлиді жерлеуге келген жақындары қабірден дауыс естіп, қыран-топан күлкіге батты, деп жазды Daily Mail басылымы.

Шей Брэдли ұзақ уақыт бойы ауырып, 12 қазанда қайтыс болды. Бірақ оның табытын қабірге түсіргеннен кейін ардагердің жанайқайы естілді. Алдымен ағаш табытты біреу қатты қаққандай болды. Одан кейін Брэдлидің дауысы шықты.

«Сайтан алғыр, мен өзі қай жердемін? Босатыңыз! Бұл жерде қараңғы ғой! Сіз дін қызметкерісіз бе? Мен – Шеймін. Ол жақта емеспін, дәл сіздің алдыңызда тұрмын! Мен қайтыс болғанмын, негізі», – деді Брэдли.

Мұны естіген ағайын-туыс пен достары күле бастады. Бірақ Брэдли тоқтаған жоқ. «Мен жай сіздермен қоштасайын деп хабарласқанмын», – деп қысқа ғана қайырды. Жиналған жұрт тағы ду күлді.

Сөйтсе, ардагер жерлеу рәсіміне келетін адамдардың көңіл-күйін көтергісі келген. Қайтыс болар алдында дауысын таспаға жазып алып, табытты түсіргеннен кейін қосуды сұраған. Ол үшін дауыс зорайтқыштарды көрінбейтін етіп, жерге орналастырды. Шейдің қызы Андреа әкем қанша адамның көңілін көтергенін білгенде қатты қуанатын еді дейді.

Тағы оқыңыз: Жас жігіт қабірге қойған кезде қозғала бастады

Жерлеу рәсімі кезіндегі видео әлеуметтік желілер арқылы тез таралып кетті. Ирландияның қарулы күштері ардагерлерінің тобы да оны Facebook парақшасында жариялады.

«Жақында бізден әскери және азаматтық әзілдің айырмашылығы неде деп сұраған. Жауабы жеңіл, біздің әзіл – «қара» әзіл. Бұл – 12 қазанда болған Шей Брэдлидің жерлеу рәсімі», – деп жазды ардагерлер.



sputniknews.kz

Загрузка...