Жергілікті тұрғындардың қытайлықтарды неге соққыға жыққаны анықталды – видео

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қытайдың төрт азаматы ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 10 қазан — Sputnik. Талдықорған маңындағы кәсіпорында жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде 8 қазан күні тарала бастаған еді. Citic Construction ЖШС-нің жұмысшылары бұқаралық ақпарат өкілдеріне видео үндеу жариялады.

Кәсіпорын «Алматы – Өскемен» автокөлік жолы учаскесінің құрылысымен айналысады. Жұмысшылар Қытайдың үш азаматы этникалық қазақты соққыға жыққанын айтқан. Видео үндеуде жұмысшылар шетелдіктер мен жергілікті тұрғындароға тең еңбек жағдайы жасалмағанын алға тартқан.

Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің басшысы бастаған топ жетті. Тәртіп сақшылары тараптармен кездесіп, қажетті тексеріс жүргізді.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, Citic Construction-ның төрт қызметкері (бәрі Қытай азаматы) арасындағы жанжал жұмысқа байланысты туындаған. Олардың бірі – этникалық қазақ жеңіл дене жарақатын алды.



sputniknews.kz

Загрузка...