Желі қолданушылары белгілі актердің әйеліне жазған сөзін қызу талқылап жатыр

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Танымал актер Венсан Кассель әйеліне деген сезімін әлеуметтік желіде орыс тілінде жазып, жұртты таңғалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Белгілі франциялық актер Венсан Кассель әйелі Тина Кунакиге деген сезімін орыс тілінде жеткізді.

Модель өзінің Instagram аккаунтында  ELLE Russia журналының желтоқсан айындағы нөмірінің суретін жариялаған. Актер осы суреттің астына жазба қалдырды.

Кассельдің орыс тілінде  «мен сені сүйемін» деген жазбасы 3 мыңнан астам адамға ұнаған.

Ресейдегі әлеуметтік желі қолданушылары жұлдызды жұпты жарыса елдеріне шақырып жатыр.

Венсан Кассель мен Тина Кунаки 2016 жылдан бері бірге. Екі жылдан соң заңды некеге тұрды.Кассель өзінің жарынан 30 жасқа үлкен.

2019 жылы олардың Амазони есімді қызы дүниеге келді. 



sputniknews.kz