жасөспірім 3 жасар баланы көлікпен қағып кетті

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауда

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Алматыда көлік тізгініне отырған жасөспірім 3 жасар баланы қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы Наурызбай ауданындағы Ақжар шағын ауданында болған. Молдағалиев көшесімен жүріп келе жатқан С-класты Mercedes жүргізушісі жолды кесіп өтпек болған баланы көрмей, қағып кетеді.

Бала түрлі жарақат алған. Жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік жол апатында жүргізуші ажал құшты – фото

Оқиға орнына келген жол полицейлері көлік тізгінінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім отырғанын анықтады.

Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...