Жәрдемақының үш түрі болады: Сапарбаев мәлімдеме жасады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Бердібек Сапарбаев қазақстандықтар 2020 жылы қандай жәрдемақы алатынын және неліктен құжат тапсырған кезде дүрбелеңге салынбау керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру және алу тетігін түсіндірді. Ол қазақстандықтардан дүрбелеңге салынбауды сұрады.

«Дүрбелең жасаудың қажеті жоқ. Тізімді нақтылап алу керек, содан кейін ХҚКО-да атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тетігін түсіндіреді. Біз жаңа механизм енгізіп жатырмыз. Жәрдемақының үш түрі болады», – деді Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференцияның кулуарында.

Жәрдемақының бірінші түрі – төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы. Ол табысына қарамастан кез келген көп балалы отбасыға төленеді.

Екінші түрі – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне шаққандағы отбасының жиынтық кірісіне байланысты бұрынғы тетікке сәйкес төленеді.

Үшінші түрі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында АӘК алушылардың салдарынан дүрбелең туып, ұзын-сонар кезек пайда болған. Көбісі жәрдемақы алуға құжат тапсыру мерзімі шектеулі деп ойлаған.

Жаңа жыл – 2020: Тоқаев ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемін бекітті 

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, ешқандай шектеу жоқ. Қаңтардағы мерекелерде халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең тудырмау үшін адамдарға қажетті құжаттар пакетін дайындау туралы алдын ала хабарланады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімінде бар-жоқ екеніңізді Еңбек министрлігінің сайтында тексере аласыз.



sputniknews.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз