жақын маңдағы ауылдарда жарық пен газ сөндірілді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында жарық пен газды сөндірген

АЛМАТЫ, 14 тамыз — Sputnik. Алматыда Қарғалы бөгеті ауданында сел жүрді. Құтқарушылардың айтуынша, ол тұрғындарға қауіп төндірмейді.

Алайда қауіпсіздік мақсатында жақын орналасқан ауылдарда жарық пен газ сөндірілген. Ведомство атап өткендей, қазір тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

«Энергетика қызметтеріне жарық пен газды сөндіруге тапсырма берілді. Халыққа ескертіп, көшіріп жатырмыз. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзені аңғарынан төменірек орналасқан Әуезов және Алатау ауданы тұрғындарын хабарландырып жатыр», — делінген төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.

Оқиға орнына Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығы Серік Әубәкіров барды.



sputniknews.kz


Тегтер:Алматы