Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын жеңді

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Бокс кеші АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт Маклелланмен (27-3-3, 11 КО) кездесу өткізді. Он раундтық жекпе-жектің бесінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Нокаутқа дейін Әлімханұлы канадалықты екі рет нокдаунға жіберген болатын.

26 жастағы қазақстандық үшін бұл кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. Ал қарсыласы төртінші рет жеңіліп отыр.

Айта кетсек, канадалық жекпе-жекке дейін Әлімханұлының комедиялық фильм персонажы Бораттың киіміндегі суретін жариялаған болатын. Кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жеңісімен барша қазақ халқын құттықтады.

«Бұл менің жеңісім емес, елдің жеңісі. Біздің мақсат – әлемге қазақ стилін танымал ету. 4 салмақта әлем чемпионы атану», – деп жазды спортшы.



sputniknews.kz

Загрузка...