Жаңажылдық лайфхак: Бір қарағаннан жақсы мандаринді қалай анықтауға болады — Бір үзік

0

Жаңа жыл қарсаңында ресейлік мамандар мандариндерді 250 көрсеткіш бойынша сапасы мен қауіпсіздігін тексерді. Жемістер әртүрлі сауда орындарынан (супермаркеттерде, базардан және дүкендерден) сатып алынған.

Сараптама жасау үшін Перу, Оңтүстік Африка, Түркия, Қытай, Ресей, Абхазия және Мороккодан жеткізілген сұрыптар алынған.

Мамандар мандарин сатып алу кезінде мынадай факторларға назар аударуға шақырады. 

— мандариннің сырты бүтін, таза әрі сау және балғын болып тұруы тиіс;
— оларға бүлдіруші заттар кірмеуі керек, кесілген және жарылған жерлері болмауын қараңыз;
— қабығы көгеріп кеткен болса бұл зең ауруға жұққан болады, сол себепті мұндай түрін сатып алмаған дұрыс;
— кейбір тұстары жұмсақ болып, былжырап тұрса, жеміс шіри бастағанның белгісі;
— мандаринге біткен жапырақ — балғын екенінің белгісі емес (олар тез шіріп кетпейді, тек кішкене кеуіп қалады)
— ішкі бөлігі қабығынан ажырап тұрса әрі дәмі әлсіздеу болса бұл оның пісіп кеткенінің немесе тұрып қалғанының белгісі;

Мандарин қабығы сырылған болуы немесе майда тесіктерінің болуы қалыпты жағдай. Бұл оның дәмі мен сапасына еш әсер бермейді. Әрине шіріп кетпеген болса. Мандариндердің ісініп тұруы дефект болып саналмайды, бұл оның ерекше сұрып түрі. 

Мамандардың бағасы бойынша, ең тәтті жеміс — клементиндер. Олардың түсі ашық сарғыш түсті болады, дәмі тәтті, иісі — жұпар.