Жанар Хамитованың қайтыс болды: полиция тергеу жүргізіп жатыр

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

«Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитова Қарағанды облысындағы туған ауылы Қарқаралыда қайтыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысының полиция департаменті әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты істі тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомствоның баспасөз қызметі әншінің қайтыс болғанын растап, қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Жанар Хамитованың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Айта кетсек, бүгін «Арнау» тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың Қарағанды облысындағы туған ауылы Қарқаралыда өмірден озғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: «Өз ауылында болған»: Жанар Хамитованың қазасына қатысты тың дерек шықты



sputniknews.kz

Загрузка...