Вышинский журналистердің құқығын қорғамақ  

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Ресейде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Киевте бір жылдан астам уақыт қамауда отырған журналист Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрамына қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. «Россия сегодня» ХАА атқарушы директоры Кирилл Вышинский Ресей президенті жанындағы азаматтық қоғам мен адам құқықтарын дамыту жөніндегі кеңестің құрамына енді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Вышинский кеңесте басқа елдердегі ресейлік журналистердің құқықтарын қорғаумен айналысуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Бұл мәселеде Ресейдің пікірі айтарлықтай маңызды болуы мүмкін, әсіресе, ол Ресей Федерациясының президенті жанындағы кеңес сияқты органнан шыққан кезде», – деді журналист РИА Новостиге.

Агенттіктің мәліметінше, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин кеңес құрамын өзгерту туралы арнайы жарлық шығарған.

Кирилл Вышинский өзі үшін «нақты іске пайда келтіру» маңызды екенін атап өтті.

«Басқа елдердегі ресейлік журналистердің құқығы проблемаға айналды. Біз үлкен мәселелер бар екенін білеміз. Әріптестерімнің көбісін Украинаға кіргізбейді, Балтық жағалауы елдерінде біздің басылымдарға, біздің журналистерге қатысты проблемалар бар», – деп атап өтті журналист.

РИА Новости Украина порталын басқарған Кирилл Вышинский 2018 жылдың 15 мамырында Киевте өзін-өзі жариялаған Донбасс республикасына қолдау көрсетті және мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл бап 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сот Вышинскийді қамауға алуды сегіз рет ұзартты.

Вышинский осы жылдың 28 тамызында қамаудан босатылып, 7 қыркүйекте Ресейге оралды.



sputniknews.kz

Загрузка...