Василий Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Спорт

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жекпе-жек кезінде Левиттің басымдығы барынша байқалды. Ол қарсыласын нокдаунға да түсірді. Бірақ төрешілер жеңісті эквадорлыққа берді

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы финалға өтпей қалды. Василий Левит өз қарсыласын нокдаунға түсірсе де, ұпай санымен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Левит жартылай финалда эквадорлық Хулио Кастильомен кездесті. Жекпе-жек кезінде оның басымдығы барынша байқалды. Өз қарсыласын нокдаунға да түсірді. Бірақ төрешілер жеңісті эквадорлыққа берді. Есеп – 3:2 (28-29, 29-28, 28-29, 29-28, 30-27). Жекпе-жектің шешімі жарияланғанда залда отырғандардың барлығы наразылық білдірді. Левиттің өзі аң-таң болды. Финалда Кастильо ресейлік Муслим Гаджимагамедовпен кездеседі.

Василий Левит 91 келіге дейін салмақ дәрежесіне өнер көрсетеді. Осы уақытқа дейін Азияның үш дүркін чемпионы атанған болатын. Әлем чемпионатында тек қола жүлдені ғана иеленген. Ал 2016 жылы Олимпиада ойындары Василий Левит әділсіз төрешіліктің құрбаны болып, күміс жүлдені қанағат тұтты.



sputniknews.kz

Загрузка...